Кітап сыйла акциясы
Асқар Әшімхан

Кітап сыйла акциясы

Кітап – адамзаттың сан ғасырлық ақыл-ойы мен тәжірибесінің алтын қазынасы. Ал кітапхана – сол қазынаны сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін рухани орда. Ұлттық кітап және кітапханашы күніне орай ұйымдастырылған кітапханаға КІТАП СЫЙЛА акциясына Философия, саясаттану және дінтану институты Халықаралық туризм және меймандостық университетіне бағалы кітаптар топтамасын тарту етті. Бұл игі бастама – білім мен ғылымды дамытуға, студенттер мен оқытушылардың рухани-танымдық көкжиегін кеңейтуге бағытталған маңызды қадам.