Кітапхана туралы ақпарат

КІТАПХАНАНЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ

  • Білім беру саласында оқыту-тәрбиелеу үрдісін, ғылыми-педагогикалық қызметін, библиографиялық-ақпаратпен және әдебиеттермен қамтамасыз ету;
  • Оқырмандардың кітапханалық-библиографиялық және мағлұмат алу бойынша сұраныстарын қанаттандыру.

КІТАПХАНАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

  • Университеттің білім алушыларының, профессор-оқытушылар құрамының және қызметкерлерінің ақпараттық қажеттіліктеріне сәйкес ақпараттық көмек көрсету, оқырмандардың білім беру және кәсіби қажеттіліктерін қанағаттандыру, болашақ ұрпақ үшін ғылыми және мәдени мұраны насихаттау;
  • Университет бейініне және оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктеріне сәйкес мемлекеттік және басқа тілдерде дәстүрлі және заманауи ақпарат тасымалдағыштарда құжаттар қорын қалыптастыру және сақтау;
  • Білім алушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу, заманауи технологиялар негізінде кітапты, кітапхананы пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
  • Кітапхана қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында кітапханалық маркетинг енгізу;
  • Кітапханатану және библиография саласында заманауи жұмыс түрлерін енгізу;
  • Құрылымдық бөлімдермен, мектептермен, ғылыми және қоғамдық ұйымдармен қызметті үйлестіру.

КІТАПХАНА ҚҰРАМЫ

Аға кітапханашы
Алдашукурова Молдир Нарзуллаевна

Ректорат, каб. №101

moldir.aldashukurova@iuth.edu.kz