Кітапхана ережесі
ОҚЫРМАН ЕРЕЖЕСІ
- Кітапхана ережесі студенттерге, магистранттарға, профессор-оқытушылар құрамына, жоғары оқу орнының қызметкерлеріне ұсынылады.
- Кітапханаға тіркелу үшін оқырман студенттік билетін, төл құжатын, қызметтік құжатын ұсынуы тиіс.
- Оқырман кітапханаға тіркер алдында Оқырман ережелерімен танысып, оларды орындауға міндетті екенін оқырман формулярында өз қолымен растауы тиіс.
- Оқулықтарды алу үшін оқырман оқырман құжатын көрсетуі керек және кітап формулярына қол қояды.
- Оқу әдебиеттері бір семестрге беріледі. Ғылыми әдебиеттер профессор-оқытушылар құрамына, ғылыми қызметкерлерге, магистрлерге және бітіруші студенттерге 5–10 дана көлемінде 1 ай мерзімге беріледі.
- Оқырмандар кітаптарды пайдалану уақытын ұзарта алады, егер оларға басқа оқырмандар тарапынан сұраныс болмаса.
Ескертпе
- Кітапханада 1 данадан бар энциклопедиялар, анықтамалық басылымдар, сирек және бағалы кітаптар тек оқу залында беріледі.
- Сырттан келген оқырмандарға қызмет тек оқу залында көрсетіледі.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Кітапхананы пайдалану ережесі пайдаланушыларға қызмет етуді, қорға қол жеткізуді ұйымдастырудың жалпы тәртібін, пайдаланушылар мен кітапхананың құқықтары мен міндеттерін анықтайтын құжат болып табылады.
Кітапхана қоры Қазақстан Республикасының меншігіне жатады және университетке тиесілі. Университет мекемесі ретінде мемлекет қорғауында болады.
КІТАПХАНА МІНДЕТІ
Әрбір пайдаланушыға ақпараттық ресурстарды сапалы және нәтижелі жеткізуге, университеттің білім беру және ғылыми-зерттеу процесіне қатысуға, университет қауымдастығында жоғары мәдениетті қалыптастыруға мүмкіндік жасау.
КІТАПХАНА ЕРЕЖЕСІ
- Кітапханада қызмет көрсету тегін.
- Кітапхана ережесі студенттерге, университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне арналған.
- Пайдаланушы кітапханаға тіркелу кезінде кітапхананы пайдалану ережесімен танысуы тиіс.
ИНТЕРНЕТКЕ ЕНУДІ ҰСЫНУ ЕРЕЖЕСІ
Жалпы ережелер
- Кітапхана ақпараттық ресурстарға ғылыми, білім беру және ақпараттық мақсатта пайдаланушыларға Интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
- Интернетке қол жеткізу оқырмандардың барлық санаттағы ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыру үшін кітапхана саясатының бір бөлігі болып табылады және дәстүрлі анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетуге қосымша ретінде пайдаланылады.
- Кітапхана Интернет желісінде ұсынылған ақпарат үшін жауапты емес.
- Интернетпен жұмыс істеуге компьютермен жұмыс істеу дағдылары бар пайдаланушылар жіберіледі.
- Интернетке қол жеткізу электрондық ресурстар залында қолжетімді. Қызмет көрсету кітапхананың жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіледі және электрондық ресурстар залы жабылардан 20 минут бұрын аяқталады.
- Қызмет тек оқырман билеті бар кітапхана пайдаланушыларына ұсынылады.
- Кітапхана байланыс жеткізушісінің кінәсінен туындаған байланыстың болмауына немесе сапасының төмендігіне жауапты емес.
- Студенттер мен оқытушылар үшін Интернетке кіру тегін.
Оқырман құқылы
Ашық Интернет ақпараттық ресурстарына қол жеткізуге, флэш-жинаққа қажетті ақпараттың көшірмесін жасауға, сондай-ақ бір апта ішінде «Пайдаланушы» жұмыс орнында ақпаратты сақтауға.
Пайдаланушы міндетті
- Оқырман билетін көрсетуге;
- Бағдарламалық қамтамасыз етуде ақау болған жағдайда дереу кезекші қызметкерге хабарлауға;
- Өз бетінше ешқандай әрекет жасамауға;
- Флэш-жинақты пайдаланбас бұрын оны вирусқа тексеруге.
Оқырманға рұқсат етілмейді
- Өз бағдарламаларын орнатуға;
- Компьютер конфигурациясы мен параметрлеріне өзгерістер енгізуге;
- Қосымша жабдықтарды қосуға;
- Интернетті жеке хат алмасуға немесе коммерциялық мәмілелер жасауға пайдалануға;
- Желі арқылы жарнамалық немесе коммерциялық хабарламалар таратуға, зорлық-зомбылықты насихаттайтын, эротикалық және порнографиялық материалдарды қарауға;
- Аудио және бейне файлдарды жүктеуге.