«ОЙ-КЕЗУ» ОҚЫРМАНДАР КЛУБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Асқар Әшімхан

«ОЙ-КЕЗУ» ОҚЫРМАНДАР КЛУБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

📚 «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Халықаралық туризм және меймандостық университетінде «Ой-кезу» оқырмандар клубының кезекті рухани-танымдық кездесуі ұйымдастырылды.

19 қараша күні университет кітапханасында өткен әдеби басқосу Жас ғалымдар кеңесі мен Кітапхана ұжымының бастамасымен жүзеге асырылды.

Кездесу барысында қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Дулат Исабековтің «Гауһартас» шығармасы талқыланып, қатысушылар туындының идеялық мазмұны, кейіпкерлердің болмысы, адамгершілік құндылықтар, махаббат пен мейірім тақырыптары төңірегінде өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – университет қауымдастығы арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, көркем әдебиетке деген қызығушылықты арттыру, сыни ойлау дағдыларын дамыту және рухани құндылықтарды дәріптеу.

«Ой-кезу» оқырмандар клубы алдағы уақытта да әдеби шығармаларды талқылау арқылы білім алушылардың зияткерлік және рухани дамуына ықпал ететін тағылымды кездесулерді жалғастыруды көздейді.

📖 Кітап – ойдың бастауы, руханияттың қайнар көзі!

Бірге ойланайық, бірге талқылайық!