Халықаралық туризм және меймандостық университеті кітапханасының өкілі ЖОО кітапханалары қауымдастығының отырысына қатысты
Асқар Әшімхан

Халықаралық туризм және меймандостық университеті кітапханасының өкілі ЖОО кітапханалары қауымдастығының отырысына қатысты

2026 жылғы 21 қазанда Еуразия ұлттық университетінде өткен Жоғары оқу орындары кітапханалары қауымдастығының қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған жиналысқа Халықаралық туризм және меймандостық университеті кітапханасының өкілі қатысты.

Жиын барысында жоғары оқу орындары кітапханаларының өзекті мәселелері қарастырылып, кітапхана саласындағы озық тәжірибелермен алмасу жүзеге асырылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесіндегі кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіру, кітапханалардың қызметін дамыту және өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша жоғары оқу орындары кітапханаларының қызметін тиімді ұйымдастыруға, тәжірибе алмасуды кеңейтуге және кітапханалық-ақпараттық қызмет сапасын арттыруға бағытталған ортақ ұсыныстар мен шешімдер әзірленді.