КІТАПХАНА ҚОРЫ ҚҰНДЫ ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Асқар Әшімхан

КІТАПХАНА ҚОРЫ ҚҰНДЫ ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Банк ЦентрКредит Халықаралық туризм және меймандостық университетінің кітапханасына көрнекті жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Елең-алаң» романын сыйға тартты.

«Елең-алаң» – қазақ халқының тарихи тағдырын, елдік мұратын және күрделі кезеңдердегі қоғамдық-саяси ахуалды көркем суреттейтін тағылымды шығарма.
Кітапхана қорын құнды әдеби туындымен толықтырып, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға және ұлттық әдебиетті насихаттауға үлес қосқаны үшін Банк ЦентрКредитке алғысымызды білдіреміз!

📖 Университетіміздің оқытушылары мен білім алушыларын кітапханамызға келіп, Әбіш Кекілбаевтың «Елең-алаң» романымен танысуға шақырамыз!