Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты жаңа кітабы университет кітапханасының қорына енгізілді
Асқар Әшімхан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты жаңа кітабы университет кітапханасының қорына енгізілді

Бұл құнды жинаққа Президенттің отыз жылдан астам уақыт ішінде айтқан таңдаулы ой-тұжырымдары мен қанатты сөздері топтастырылған. Кітапта әділеттілік, заң мен тәртіп, жауапкершілік, ұлттық бірлік, білім мен ғылым, ел болашағы және қоғамның дамуы секілді маңызды құндылықтар кеңінен қамтылған.

Университет оқытушылары, білім алушылары және барлық кітапсүйер қауымды жаңа кітаппен танысып, мазмұнды ойлар мен тағылымды тұжырымдарды оқуға шақырамыз.