Мұхтар Шахановтың «Отырар дастаны» шығармасы талқыланды
Асқар Әшімхан

Мұхтар Шахановтың «Отырар дастаны» шығармасы талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітап оқу мәдениетін дамыту, зерделі ұлт қалыптастыру» бағыты аясында отандық қаламгерлердің шығармашылығын насихаттау, ұлттық әдеби мұраны дәріптеу мақсатында университет кітапханасы «Фараб» және «Қалқан» кітап клубтарының бірлесуімен әдеби талқылау ұйымдастырылды. Кездесу барысында жерлесіміз, көрнекті ақын әрі жазушы Мұхтар Шахановтың «Отырар дастаны» шығармасы талқыланып, оқырмандар шығармадағы тарихи тағылым, елдік рух, адамгершілік құндылықтар мен отанға деген сүйіспеншілік тақырыптары жөнінде өз ой-пікірлерімен бөлісті.Әдеби басқосу қатысушыларға шығарманы тереңірек түсінуге, ұлттық әдебиетіміздің маңызын бағалауға және кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға мүмкіндік берді.