Сақиналар әміршісі: Сақина бауырластығы
Сипаттама
«Сақиналар әміршісі» трилогиясы — авторға әлемдік даңқ әкелген тамаша әдеби шедевр. Шығарма мыңдаған жылдарды қамтитын Сақина үшін болған шайқас жайын баяндайды. Жазушы адамдар әлеміне дейін өмір сүрген эльфтер, гномдар, хоббиттер, тролльдар, орктар және басқа да мифологиялық жаратылыс иелерін, олар өмір сүрген әлемді толығымен ойдан құрастырған. Құдіретті Сақиналардың Иесі барлық тірілер мен өлілер әлеміне билік ете алады, сонымен қатар оның өз еркінен тыс Зұлымдыққа қызмет етуіне тура келеді.