Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы

14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің кітапханасында «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы ұйымдастырылады.

Өтетін күні: 13.02.2026
Өтетін орны: Бас ғимарат, кітапхана (101 кабинет)

Бұл күні әрбір оқырман өз үйіндегі оқылған, бірақ өзектілігін жоғалтпаған көркем, ғылыми немесе танымдық кітаптарды кітапхана қорына сыйлай алады.

✨ Кітап – білімнің бастауы, ал сыйға тартылған кітап – болашаққа жасалған үлес.
Баршаңызды игі іске атсалысуға шақырамыз!

Оқуға құштар жүректерді біріктірейік!