Елімізде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының 2026 жылға арналған таңдауы жарияланды.
Биыл, 2026 жылы, бүкіл ел болып оқуға қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы таңдалды.
Аталған акцияның басты мақсаты – Қазақстандық оқырмандар арасында кітап оқуды кеңінен насихаттау, ұлттық әдеби мұраға деген қызығушылықты арттыру, сондай-ақ қоғамды бір кітаптың айналасына топтастыру. Халықаралық туризм және меймандостық университетінің кітапханасы барлық оқырмандарды «Бір ел – бір кітап» акциясына белсене қатысуға, таңдалған шығарманы бірге оқып, рухани қазынамызды байытуға шақырады.
Бір ел болып – бір кітап оқиық!
