Халықаралық туризм және меймандостық университеті мен Ташкент мемлекеттік техникалық университеті арасында кітап алмасу шарасы өтті. Бұл іс-шара екіжақты ынтымақтастықты дамыту, академиялық байланысты нығайту және мәдени қарым-қатынасты кеңейту мақсатында ұйымдастырылды. Кітап алмасу екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы достық пен өзара түсіністікті арттыруға ықпал етеді.