Осы ереже Түркістан қаласының Халықаралық «Туризм және меймандостық» мемлекеттік университетінің кітапханасында пайдаланушылармен жұмыс кезінде қолданылады
1. Кітапхана ережесі студенттерге, магистранттарға, профессор-оқытушылар құрамына, жоғары оқу орнының қызметкерлеріне ұсынылады.
2. Кітапханаға тіркелу үшін оқырман студенттік билетін, төл құжатын, қызметтік құжатын ұсынуы тиіс.
3. Оқырман кітапханаға тіркер алдында Оқырман ережелерімен және оқырман формулярында оларды орындауға міндеттілігі туралы Ережені өзінің қолымен растауы тиіс.
4. Оқулықтарды алу үшін оқырман оқырмандар құжатын көрсетуі керек, кітап формулярына қол қояды.
5. Оқу әдебиеттері бір семестрге беріледі. Ғылыми әдебиеттер профессор-оқытушылар құрамына, ғылыми қызметкерлеге, магистрлерге, бітіруші студенттерге 5-10 данадан 1-ай мерзімге беріледі.
6. Оқырмандар кітаптарды пайдалану уақытын ұзарта алады, егер де оларға басқа оқырмандар тарапынан сұраныс болмаса.
1. Кітапханада 1 данадан бар: энциклопедиялар, анықтамалық басылымдар, сирек және бағалы кітаптар тек ғана оқу залында беріледі.
2. Сырттан келген оқырмандарға қызмет тек оқу залында көрсетіледі.
Кітапхананы пайдалану ережесі пайдаланушыларға қызмет етуді, қорға қол жеткізуді ұйымдастырудың жалпы ережесін, пайдаланушылар мен кітапхананың құқықтары мен міндеттерін анықтайтын - құжат.
Кітапхана қоры Қазақстан Республикасының меншігіне жатады, университетке тиесілі, университет ретінде мемлекеттің қорғауында.
Әрбір пайдаланушыға ақпараттық ресурстарды сапалы және нәтижелі жеткізуге, университеттің білім беру және ғылыми зерттеу процесіне қатысуға, университет қауымдастығын жоғары мәдениетке қалыптастыруға мүмкіндік туғызу.
Кітапханада ақысыз қызмет көрсетіледі.
Кітапхана ережесі студенттерге, университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне арналған.
Пайдаланушы кітапханаға жазылу кезінде кітапхананы пайдалану ережесімен танысуы керек.
• Кітапхана ақпараттық ресурстарға, ғылыми, білім беру және ақпараттық мақсатта кітапхана пайдаланушыларға Интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етеді
• Интернетке қол жеткізу, оқырмандардың барлық санаттағы ақпараттық сұранысын қанағаттандыру үшін кітапхана саясатының бір бөлігі болып табылады, дәстүрлі анықтамалық - библиографиялық қызмет көрсетуге қосымша пайдаланылады
• Кітапхана Интернет ұсынатын ақпарат үшін жауапты емес.
• Интернетпен жұмыс өздігінен, компьютермен жұмыс істейтін дағдысы бар пайдаланушылар жіберіледі.
• Интернетке қатынау электрондық ресурстар залында оқырмандарға қол жетімді болып табылады. Қызмет көрсету кітапхананың жұмыс кестесіне сәйкес және электрондық ресурстар залының жабу алдында 20 минут бұрын аяқталады.
• Қызмет оқырман билеті бар және рұқсат беру арқылы тек кітапхана оқырмандарына ұсынылады.
• Кітапхана жеткізушінің кінәсінен жасаған байланыстың болмауына немесе сапасыздығына жауапты емес.
• Студенттер мен оқытушылар Интернетке кіру - тегін.
Ашық Интернет ақпараттық ресурстарға қол жеткізуге, флэш - жинағына қажетті ақпараттың көшірмесін жасауға, бір апта ішінде «Пайдаланушы» жұмыс орнында ақпаратты сақтауға.
оқырман билетін көрсетуге, бағдарламалық қамтамасыз іркілістер болған жағдайда дереу кезекші бөлім қызметкеріне хабарласуға, өз еркімен ешқандай іс-әрекет жасамауға. Флэш-жинағын пайдаланбастан бұрын, вирусқа тексертуге.
• Өз бағдарламасын орнатуға;
• Компьютердің конфигурациясына және параметрлеріне өзгерістер енгізуге;
Қосымша жабдықтарды қосу;
• Интернетті жеке хат жазуға пайдалануға және бизнес мәмілелерді жасауға;
• Желілер арқылы жарнамалық және коммерциялық хабарландыруларды таратуға, зорлық-зомбылыққа шақыруға, сондай-ақ эротикалық және порнографиялық сипатын қарауға;
• Аудио және бейне файлдар жүктеуге.